Түркістан облысында күн сайын оннан аса адам жедел ішек инфекциясын жұқтырып жұқпалы аурулар ауруxанасына түсіп жатыр. Бұл туралы шілденің 3-і күні Азаттыққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз xатшысы Мира Мүсілім айтты.

Мира Мүсілімнің сөзінше, облыста 21-28 маусым аралығында жедел ішек инфекциясын жұқтырған 61 адам тіркелген. Олардың 41-і — 14 жасқа толмаған балалар.

— Шымкент жұқпалы аурулар ауруxанасына 25-28 шілде аралығында жедел ішек инфекциясын жұқтырған 102 адам түсіп, емделіп жатыр. Ал соңғы екі күнде 20 адам жедел ішек инфекциясын жұқтырғаны анықталды, — дейді ол.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.