Осыдан дәл екі апта бұрын Шымкент қаласының әкімі болып екінші қайтара тағайындалған Ғабидолла Әбдірахымов бүгін өзінің орынбасарлары мен аппарат басшысын жаңартты.

Әбдірахымов Шымкентте үлкен ауыс-түйіс жасап жатыр
Еркеғали Әлімқұлов

Әбдірахымовтың аппаратына жетекшілік жасау 37 жастағы ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВҚА жүктелді. Е.Әлімқұлов бұл қызметке Астанадан келгенімен, осы өңірде туып-өскен, қызмет еткен. 2015-2017 жылдар аралығында  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып істеген. Ол бұл қызметтен былтыр босатылып, Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып ауысқан еді.

Әбдірахымовтың орынбасары болып НҰРСАДЫҚ ЕРГЕШБЕК тағайындалды. Ол Әбдірахымовтың алғашқы әкімдік кезеңінде Шымкентке жылу таратумен айналысатын «Қуатжылуорталық» МКК-інің директоры болып, осы лауазымды бүгінге дейін атқарып келген. Әбдірахымовтың тағы бір су жаңа орынбасары-ДАНАТ  ЖУМИН де бұрын Шымкент қалалық әкімдігінде қызмет еткен.

Әбдірахымов Шымкентте үлкен ауыс-түйіс жасап жатыр
Данат Жумин

Дәлірегі Әбдірахымовтың штаттан тыс кеңесшісі болған. Оның соңғы жұмысы- «Нұр Отан» партиясы саяси жұмыс департаментінің директоры. Ғ.Әбдірахымовтың тағы бір орынбасары болып БАУЫРЖАН МАМЫТАЛИЕВ тағайындалды. Ол бұл орынға кәсіпкерлік саласынан келді.

Әбдірахымов Шымкентте үлкен ауыс-түйіс жасап жатыр
Бауыржан Мамыталиев

Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын бірнеше жылдан бері атқарып келе жатқан ҚАЙРАТ НҰРТАЙ әкімнің бірінші орынбасары болды. Сондай-ақ, әкімнің қаржы саласы бойынша орынбасары ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА креслосын сақтап қалды.

Бұған дейінгі әкім орынбасарлары болған Бейсенбек Жанбосынов пен Ғабит Мәуленқұловқа және Тимур Баймұхановқа енді басқа қызмет іздеу қажет сияқты.

Әбдірахымов Шымкентте үлкен ауыс-түйіс жасап жатыр
Бұхарбай Парманов

Сондай-ақ Әбдірахымов бүгін Шымкенттегі төрт ауданның бірі- Абай ауданына БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВТЫ әкім етіп тағайындады. Б.Парманов бұған дейін Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі болып істеген.

Фотолар автордікі. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.