Қызылорда облысы Ішкі Істер Депаратментінің бастығы полковник Қайрат МҰХИТОВ өз еркімен рапорт жазып кетуі керек. Офицердің ар-намысы деген ұғым бар дейді Жас Алаш тілшісіне отставкадағы генерал-майор Әмірбек ТӨГІСОВ.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні Астана қаласындағы Мәңгілік ел мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысныда жол апаты болған еді. Қызылорда облысы ІІД-ні бастыңының қызы Малика МҰХИТОВАНЫҢ Hyundai IX Tucson авто көлігіне Ducati Streetfighter маркілі мотоциклімен келе жатқан ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ немересі Ескендір қақтығысқан болатын. Ауыр дене жарақатын алған 26-жастағы азамат дүниеден өткен.

«Полковник Мұхитов қызметінен кетуі тиіс»
Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендір

Ішкі әскер қолбасшысының бұрыңғы орынбасары, генерал Әмірбек Төгісов шененуніктердің балаларының қатысымен болатын жол апаттары үйреншікті жағдайға айналғанын айтады.

«Қазір полицияға сенім жоқ екені жасырын емес. Себебі олар халыққа емес билікке қызмет етеді. ІІМ-гі құтырған структура. Полиция елге қызмет етпейінші осындай оқиғалар қайталана береді. Сот, прокуратура, полиция дербес болмай Қазақстанда адам құқықтары таптала бермек», — дейді генерал.

Әлеуметтік желіде полковниктың қызы жол апаты болған жерден қашып кеткен, ішімдік ішкен деген ақпараттар тараған. Алайда, Астана қаласы ІІД-ні бастығының орынбасары Санжар ӘДІЛОВ ол сөздердің барлығын жоққа шығарған.

«Өз басым полицияда пагондарына жұлдыз таққандарды офицер деп есептемеймін. Олар шенеунікке айналып кеткен. Жасаған теріс әрекеттеріне күйініп халықтан кешірім сұрамайды. Заңды қорғаушылар болғанымен өздерін ар сотына салмайды. Керісінше, президенттен кешірім сұрауға әуес. Әйтседе, бұндай жағдайда Мұхитов рапорт жазып жұмыстан кетуі дұрыс деп есептемін. Әрине, мен оны әке ретінде түсінемін. Бірақ та ол әділеттілікті, заңды қорғаушы емес пе?! Бұл менің ойым», — дейді Әмірбек Төгісов.

Қоғамдық резонанс тудырған іс қазір сотқа жөнелтілген. Астана қалалық №2 сотының шешімімен күдікті Малика Мұхитоваға кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалып, қамауға алынбады. Кепіл соммасы – 601 250 теңге. Астанада өткен арнайы брифингте Қайрат Мұхитовтың тергеу амалдарына мүлдем араласып жатпағаны да айтылған еді.

Фото: osdp.info

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.