Мәдениет және спорт министрлігі қызмет көрсетуден бас тартқан ресейлік «Натали Турс» (Natalie Tours) туристік операторына байланысты пікір білдірді.  Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Министрліктің туризм индустриясы комитетінің өкілі Абай Қожамжаровтың айтуынша, қазіргі кезде «Натали Турстың» Қазақстандағы кеңсесінен тур алған 33 адам шетелде демалып жатыр. Олар «Натали Турс» компаниясының өкілдігі саналатын «Қамқор» туристік корпоротиві есебінен демалып қайтады.

— «Натали Турстан» тур-пакет алып, бірақ әлі демалысқа ұшып үлгермеген азаматтар жасаған келісім-шарттары бойынша өтемақыларын алуы керек. Қандай да бір қиындық туындаса, оны сот шешеді. Азаматтық-құқықтық қатынас болған соң біз оған араласа алмаймыз. Қазір тур алып, бірақ демалысқа ұшып үлгермеген нақты қанша адам бар екенін анықтау үшін ресейлік компанияға ресми сауал жолдаймыз, — дейді Қожамжаров.

5 шілдеде ресейлік «Натали Турс» туристік операторының Қазақстандағы кеңсесі өз сайтында 4 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі тапсырыстары мен қызметін көрсетуден бас тартатынын хабарлаған. Компания Ресейдегі туристік оператор серіктестері алдындағы міндеттемелерін орындай алмай отырғанын мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.