Назарбаев Астананы жасырын жүріп аралайды екен

4883

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Астана қаласын жасырын жүріп аралайды екен. Мемлекет басшысы кортежсіз жас шаһарда қалай серуендейтінін Хабар арнасы түсірген «Точка притяжения» атты деректі фильмде айтқан деп хабарлайды nur.kz сайты. 

 «Мен бұл қаланы жақсы көремін. Кешке, күндіз аралаймын. Кейде жасырын жүріп қаланы тамашалаймын. Қыста да, жазда да серуенге шығатыным бар. Замандастарыммен осындай қала сала алғаным үшін жүрегімді мақтаныш пен зор қуаныш кернейді», — деген мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ, президент қаладағы көптеген ғмараттарға өзі ат қойғанын да айтты. Мысалы, архитектор Норман ФОСТЕР тұрғызған ойын-сайық орталығын «Хан Шатыр» деп атаған.

Фото: tengrinews.kz

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.