Еуропа Одағы (ЕО) мен Украина 9 шілде күні кезекті саммитін өткізіп, Киев жүргізіп жатқан реформаларды, Ресейдің 2014 жылы Қырым түбегін басып алуын және Мәскеудің Украина шығысындағы сепаратистерді қолдауын талқылайды.

Брюссельде өтетін саммитке Украина президенті Петр Порошенко қатысады. Еуропа мен Киев арасында қарым-қатынасты нығайтатын ЕО мен Украина арасындағы ассоциация туралы келісім күшіне енгеннен кейін Петр Порошенко қатысатын саммит бірінші рет өтейін деп тұр.

Аталған маңызды келісімге 2013 жылы қараша айында қол қойылатын болған. Бірақ сол кездегі президент Виктор Янукович Мәскеудің қысымымен құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Бұл халықтың жаппай наразылығын тудырып, 2014 жылдың ақпанында Янукович биліктен кеткен. Ресей осыдан кейін Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алып, кейін Украина шығысында үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан сепаратистерге әскери және экономикалық қолдау көрсете бастаған.

Еуропа Одағы саммитте тараптар ассоциация туралы келісімді іске асыру, еркін сауда аймағын құру және Украинада реформа жүргізудегі «ілгерілеу» жайын талқылайтынын мәлімдеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.