Ақтөбе облысында 52 Өзбекстан азаматының өмірін жалмаған автобус өртіне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот процесі Ырғыз ауданында өтетін болды.

"Өзбектердің өліміне жүргізушілерді кінәлау қисынсыз"

«9-шілдеде Ырғыз аудандық сотына Пернебековке, Қырғызбаевқа, Таңатовқа, Тілепбаевқа және Пердебаевқа қатысты қылмыстық іс түсті.  Айыптау актісіне сәйкес, Пернебеков, Қырғызбаев және Танатов көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны, сонымен  қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін айыпталуда. Тілепбаев өз міндеттеріне адал қарамағаны, көлік құралдарын сапасыз жөндеу және жалған құжаттарды дайындағаны үшін, Пердебаев жалған құжаттарды дайындағаны үшін айыпталуда»,- дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар АЙТЖАНОВА.

Самара-Шымкент тас жолындағы апаттан кейін автобустың қожайынына халықаралық іздеу жарияланған. Ал серіктестік басшысы мен механигі кепілмен бостандықта жүр. Сол күні көліктің тізігінінде болған жүргізушілердің туысқандары олардың кінәлы еместігін айтып отыр.

"Өзбектердің өліміне жүргізушілерді кінәлау қисынсыз"

«Менің інім Мақсат Пернебеков- автобустың аға жүргізушісі болатын. Жанындағы екі жүргізуші де — біздің ауылдың адамдары. Олардың кінәлы деу қисынсыз. Қазір енді  аман қалған үш жүргізушіні  өрт қауіпсіздігін сақтамаған деп айыптап отыр ғой. Бірақ, онымен келіспеймін. Менің інім Мақсат, сол кезде ұйықтап жатқан. Негізі өрт жоғарыдан, жолаушылар отырған жерден шыққан. Айтуларынша, сол жерде кикілжің болып. Екі өзбек жігіті араздасып қалып, жылынып отырған «паяльная лампаға» бензин құйылған ыдысты тепкен дейді. Сосын, артынша өрт шыққан»,- дейді М.Пернебековтің әпкесі Нұршат Пернебекова.

Қайғылы жағдай осы жылдың 18-қаңтарында болған. Самара-Шымкент тас жолында жолаушылар мінген автобустан өрт шыққан еді. Автобуста тірідей жанып кеткен 52 адамның Ресейге  бара жатқан еңбек мигранттары екендігі белгілі болды. Бәрі де –Өзбекстан азаматтары. Тілсіз жаудан тек қазақстандық үш жүргізуші мен екі өзбекстандық жолаушы ғана аман қалды. Тергеу аяқталған соң  құзырлы органдар өрттің бензин құйылған жылытқыш құралдан шыққан. Салондағылар аязда жылыну үшін жаққан екен.

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.