Қытайлық диссидент Лю Сяобоның жесірі Еуропаға кетті

36


Қытайлық диссидент Лю Сяобоның жесірі Лю Ся сегіз жыл үйқамақта отырғаннан кейін Қытайдан кетіп қалды деп хабарлады 10 шілдеде Reuters агенттігі. 

Суретші, ақын әрі фотограф Лю Ся 2010 жылы күйеуі сырттай бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленген соң үйқамаққа алынып, мемлекеттің бақылауында болған. BBC-дің хабарлауынша, Лю Ся Пекиннен Берлинге Finnair әуе компаниясының рейсімен ұшып кеткен. Әзірге бұдан өзге ақпарат жоқ.

Лю Сяобо 2017 жылы Қытайда «мемлекетке қарсы әрекеттер жасады» деген айыппен 11 жылдық түрме жазасын өтеп жатқанда бауыр қатерлі ісігінен қайтыс болған. Ол 2008 жылы Қытайда ауқымды саяси реформалар жүргізуге шақырған петицияға қол қойған.

Қытай халықаралық қауымдастықтың Лю Сяобоны шетелде емдетуге жіберу туралы өтінішіне құлақ аспаған. АҚШ Қытайдан диссиденттің жесірін босатып, елден кетуіне мүмкіндік жасауды сұраған.

Германия осы жылдың басында Пекинге сапарында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде Лю Сяобоның ісін талқылаған. Людің серіктері күйеуі қайтыс болғаннан кейін оның жүйкесі сыр бере бастағанын айтқан.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.