Шымкенттегі Түркістан облысының әкімдігінде облыстық мәслиxат депутаттары жаңадан құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес және Сарыағаш аудандарының шекарасын белгіледі деп xабарлайды Азаттық тілшісі.

Мәслихаттың кезектен тыс өткен жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының тексеру комиссиясының төрағасын сайлау, әдеп жөніндегі комиссия құру және төрт ауданның шекарасын белгілеу мәселелері қаралды.

Сессияда сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Сарыағаш ауданының аумағы 117 мың гектар, Келес ауданының аумағы 345 мың 120 гектар, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 602 гектар, Мақтаарал ауданының аумағы 80 мың 767 гектар жерді құрайды» деді.

Маусымның 6-сы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы жарлық шығарып, Келес және Жетісай аудандары қайта құрылған.

Ал маусымның 20-сы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған. Ол бойынша, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.