Таиландта құтқарушылар үңгірде қалып қойған балалардың тағы екеуін жер бетіне шығарып, ауруханаға жеткізді деп хабарлады жергілікті билік мәлімдемесіне сілтеме жасаған France-Presse және Reuters агенттіктері.

Құтқару операциясы әлі жүріп жатыр, оған шетелдік сүңгуірлер мен Таиландтың әскери-теңіз флотының элиталық бөлімі мүшелері тартылған. Жергілікті билік эвакуация жоспарланғаннан тез жүргізіліп жатқанын айтады. Бірақ сол аймаққа төніп келе жатқан нөсер зардап шегушілерді шығарып жатқан жолдарды жауып тастауы мүмкін деген қауіп бар.

Маусымның 23-і күні Таиландтың Чианграй провинциясындағы үңгірлер кешенін зерттеуге барған 12 жасөспірім ұл мен олардың бапкері қатты нөсер салдарынан қайтар жолды су басып қалғандықтан кері шыға алмай қалған.

Әзірге дейін үңгірден он бала шығарылды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.