Арменияның Тергеу комитеті Серж САРГАСЯННЫҢ тағы бір туысқанының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Жас Алаш Эхо Москвы радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Серж Саргасянның туған ағасының ұлы Айк САРГАСЯНҒА 2007 жылы адам өлтірмекші болды және заңсыз қару сақтаған деген айып тағылып отыр. Тергеушілер күдікті қамау үшін сотқа өтініш жолдапты.

Бұған дейін Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі бұрыңғы Армения президентінің туысы Нарекке іздеу жариялаған. Ол заңсыз қару мен есірткі сақтаған және өзгенің мүлкін иеленген деп айыпталған. Сондай-ақ, экс-президенттің кіші інісі мен оның қызы да іздеуде. Олар заңсыз дүние-мүлік иеленіп, оны жасырған.

Фото: novosti.az

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.