Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды «блокада» деп атап, оған Қазақстан билігін айыптады. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Атамбаев бұл туралы Бішкекте елдің тұрақты даму стратегиясын талқылаған жиында мәлімдеді.

 — Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіргеніміз дұрыс шешім болған. Біз бұл ұйымда қалуымыз керек. Бірақ орыс, қазақ баспасөзін күнде қараймын, оларда «Қырғызстан, Атамбаев ЕАЭО-ны жойғысы келеді» деп жазады. Бұл — жалаң сөз. Шындығында бір айдан бері Қазақстан басшысының өзімбілемдігінің кесірінен басқа елдерден, ЕАЭО-дан ажырап қалдық. Блокада Қырғызстан президенті «заңды сыйлап, ішкі істерімізге килікпеңіздер» деген талап қойғаны үшін ғана қойылып отыр. Бізге өзгелердің тәртібін орнатудың керегі жоқ, — деді Атамбаев.

Жиынға парламент, үкімет мүшелері қатысып жатыр.

Қазақстан 10 қазаннан бері Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, салдарынан шекарада жүк көліктерінің кезегі пайда болған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.