Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің дерегінше, былтыр облыстан 12 мың 245 адам, ал биыл бес айда 3 мың 976 адам кеткен. Биыл ТМД елдерінен өзге шет елдерге 131 адам кетіп қалған. Оның ішінде 81 адам Польшаға, 45 адам Германияға, үш адам Израильге, Финляндия мен Монғолияға екі адам кеткен. Ал биылғы жылдың бес айында облысқа 2 мың 361 азамат көшіп келген.

Мамандардың айтуынша, 2017-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысынан кеткендердің көбі Ресейге қоныс аударған.

-2017 жылы облыстан кеткен 12 мың 245 адамның 8 мың 800-і Қазақстанның басқа облыстарына, 3 мың 206 адам ТМД елдеріне, 239 адам әлемнің басқа мемлекеттеріне 239 көшті. Облыстан кеткен эмигранттардың негізгі бөлігі Ресейге барған.ТМД елдеріне кеткендердің 98,8 пайызы – Ресейге қоныс аударған. 2018 жылдың бес айы ішінде ТМД елдеріне 1133 адам кетті, олардың 98,1 пайызы Ресейге кеткендер, — дейді СҚО статистика Департаменті басшысының орынбасары Жанар Кизбикенова.

2017 жылы облысқа 6 мың 782 азамат қоныс аударған. Олардың5 мың 988-і Қазақстанның өзге аймақтарынан, 720-сы ТМД елдерінен және 74-і әлемнің басқа елдерінен келген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.