40 мыңмен тұтылып, 2 миллионмен құтылған

508

Ақмола облысы Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты сот үкімі шықты. Бас дәрігер  Қабдірашит ӘЛМАҒАМБЕТОВ үстіміздегі жылдың Наурыз мерекесіне орайластырылған мерекелік іс-шарада қазақтың киіз үйінде пара алып жатқан жерінен ұсталып, тергеуге алынған болатын.

Калачи ауылындағы ұйқысыздық басу оқиғасы кезінде тілшілерге жиі  сұхбат берумен есте қалған  бұл дәрігер бұл жолы жаңа қырымен танылды.

Қабдірашит Әлмағамбетов

Бас дәрігерге 2018 жылдың ақпан айында жергілікті кәсіпкер Есіл қаласындағы аурухана ғимаратында төлем жасайтын екі терминал қою үшін рұқсат сұрайды. Қабдірашит Әлмағамбетов келісім шартқа отыруын сұрайды.

2018 жылдың 13 наурызында келісім бойынша кәсіпкер бір терминалды берілген жерге орнатады. Артынша екінші терминалды қою үшін  бас дәрігер 40 000 теңге көлемінде қаржы сұрайды. 15 наурыз күні кәсіпкер  Атбасар аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымға хабарласқан кәсіпкер бас дәрігер үстінен арызданады. Заңсыз түрде пара алған бас дәрігер осылайша тұтылды.

Күлаш Домалақова

«Сот айыпталушы 1956 жылы туылған Қабдірашит Әлмағамбетовты пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушы өз еркімен мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінетінін білдіруіне байланысты  ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлімі бойынша жаза ретінде мүлкін тәркілемей 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, өмір бақи мемлекеттік қызметкер және мемлекеттік мекемелерде қызмет істеу құқығынан айыруға сот үкім шығарды», – дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Күләш ДОМАЛАҚОВА.

Фотолар: tengrinews.kz және автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.