20 жастағы Шахназар РАХМЕТОВ осы күнге дейін төл құжатын ала алмай келе жатыр. Мектеп бітіргеніне  6 жыл болса да, не оқуға, не жұмысқа  орналаса алмай жүр. Біреудің шарушылығында қара жұмыс істеп, напәқасын табудан басқа амалы қалмаған. Кәмелет жасқа толған бойда берілетін құжат бүгінде Шахназар үшін арман болып кеткен. Құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған анасына құжат енді мүлдем берілмейді деп кесіп айтқан мамандар да бар екен.

Анасы Баян РАХМЕТОВА  баласының қара жұмыспен қараңғы болып жүргеніне қынжылады.

«Бір әріптің кесірінен төл құжатымды ала алмай жүрмін»

«Мен қайда бармадым. Бәрінің айтатыны, бір біріне сілтама жасау. Баламның туу туралы құжатында Шахназардың аты жөні «Рахметов Шахназар ТурсУнбекович» ал, анасы деген тізімде менің аты жөнімде «Рахметова Баян ТурсЫнбековна» деп жазып қойған. У мен Ы әріптерінің ауысып кетуінен балама төл құжат бермей отыр. Менің оның анасы екенін ол дәлелдеуі тиіс екен. 2006 жылдан бері жазбаған жерім, баспаған табалдырығым қалмады.

«Бір әріптің кесірінен төл құжатымды ала алмай жүрмін»

Барлығының жауабы бір, «біздің құзырымызға жатпайды». Сонда мен баламды құжатсыз осылай қалдыруым керек пе? Бұл мәселенің шешімі жоқ деп кесіп айтқан мамандар да бар. Осылай қалады бұл дейді. Амалым мен шарам таусылған соң БАҚ өкілдеріне хабарласып отырмын. Мен өз қолыммен құжатқа әріптен қате жіберген жоқпын ғой. Жауапкершіліктің жоқтығынан балам зардабын 4 жыл бойы тартып келеді», —  деп көзіне жас алды Баян Рахметова.

Шахназар да Қазақстан азаматы болып тұрып, төл құжатына қол жеткізе алмай отырғанына қапалы. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қағылған бала бізбен сұхбаттасқанда көз жасына ерік беріп, тек көмек сұрады.

«Мен Қазақстанның азаматымын, қазақпын. Жүйкем жұқарғаны соншалық, шаршап кеттім. Толыққанды азамат ретінде, менің тірі жан ретінде растайтын төл құжатым жоқ. Спортты да жақсы көрем, оқуға да түскім келеді. Бірақ қолым жіпсіз байлаулы. Өзге құрбыларым секілді қыдырғым да келеді. Өкінішке орай көшеге де шыға алмаймын. Төл құжаттың жоқтығынан айыппұл да салады. 1000-2000 тенге күнделікті азығымды айыру үшін осы шарушылықта жұмыс жасап жүрмін. Басқа амал жоқ. Осылай өмір бойы қараңғы болып жүргім келмейді. Маған көмектесулеріңізді сұраймын!» -дейді Шахназар Рахметов.

Шынымен де, 2006 жылдан бері жүгіріп, әр барған ұйым басшылары «біздің құзырымызда емес» деп басқа органдарға сілтегендерін бір күннің ішінде біздің де көзімізге жетті. Жас жігітке қол ұшын беру үшін, алдымен, туған жері Бұхар жырау ауданына жол тарттық. Онда бірден туу туралы құжаты дайындалған АХАЖ бөлімі басшысымен жүздестік.

«Бір әріптің кесірінен төл құжатымды ала алмай жүрмін»

«Бұл жігіт кәмелет жасына толып кеткендіктен, бізге оның төл құжаты болу міндетті. Енді бүгінгі таңда төл құжаты болмағандықтан, көші қон полициясына барлық қателерімен және қолда бар құжаттарын сонда тапсыруы тиіс. Олар төл құжат жасап береген соң ғана біз кеткен қателерді түзеу үшін, тиісті құжаттарды аламыз. Ал, оғанға дейін еш нәрсе жасай алмаймыз. Заң солай», — деді АХАЖ бөлімі басшысы Айсұлу КҮЛБАЕВА

«Бір әріптің кесірінен төл құжатымды ала алмай жүрмін»

АХАЖ бөлімі жетекшісінің айтуымен көші-қон полициясына да бас сұқтық, ондағылар, туу туралы құжатта кеткен қате әріппен құжат жасай алмаймыз, АХАЖ қызметкерлері өз қателерін жөндеген бойда біз төл құжат жасап бере аламыз деп тағы АХАЖ-ға сілтеді. Амалымыз тауысылып, Қарағанды Қарағанды облысы Әділет департаментінің азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру және апостиль қою бөлімінің бастығы  Гүлдана АДЫХАНОВАДАН  кеңес алдық. Анасының туу туралы құжатында о бастан қате кеткенін анықтап, тиісті құжаттарды жинап, тіркелген тұрғылықты жернің АХАЖ бөліміне бару керектігін айтты.

«Бір әріптің кесірінен төл құжатымды ала алмай жүрмін»

«О бастан анасы Баянның төл құжатымен туу туралы кәлігін жөнге келтіру керек еді. Шахназардың құжатында еш қате жоқ. Ертен Шахтинск қаласының АХАЖ бөліміне барып, тиісті құжат тапсырсын. Менің берер кеңесім осы.»

Тек кеңес беріп, тойдырған мамандардан бізде де шаршап кеттік. Құжат беру барысында әріптен қате жіберген 1998 жылғы қызметкерлердің біреуі де жоқ екені айдан анық. Алайда, кеткен салғырттықтан 20 жастағы Шахназар зардап шегіп отыр.

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.