Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның үсінен соталды тергеу басталды деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Астанада өтке брифингте сөйлеген Нұрлан Жахин Сергей Хорошунның үстінен Машуров есімді азаматтан арыз түскенін айтты. Машуров арызында «Тамыз Инвест Груп» компаниясының басшысы болып тұрған кезінде Хорошунға «қамқорлық танытқаны» үшін мүлік бергенін айтқан. Агенттік қазір арыз бойынша Машуровтың дәлелдерін тексеріп жатыр. 

Агенттік өкілі тергеу мүддесіне сай тексеру жайлы толық ақпарат бере алмайтынын айтты.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.