Мәдениет саласындағы мәдениетсіз басшы.

Ақмола облысы  әкімі аппаратының  әдеп жөніндегі уәкілі  Нариман ӘДБІРАХМАНОВТЫҢ  айтуынша Сандықтау ауданындағы әкімдік қызметкерлері   басшыларынан қорлық көріп отырғанын айтып бірнеше рет шағымданған. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы Мадина ДҮЙСЕНБАЕВА қарамағындағыларға тіл тигізеді екен. Мәдениет саласын басқарғандықтан ба, ән салып тұрып қорлау үйреншікті әдеті.

"Чмо, чмо" деп ән салған шененунік
Әдеп кеңесінің отырысы

–Аудиодан тыңдадық. Чмо, чмо, чмо деп әндетіп қызметкерлерге дөрекі сөйлеп тұр. Кәкімов ылғи маған оның  ерсі  әрекеттерін айтып хабарласатын. Бұл барып тұрған әдепсіздік қой, — деді тәртіптік отырыста Н.Әбдірахманов.

Әдеп кеңесі «Менің атым Қожа» филімінің желісімен өрбіді. Бұзық Қожаның тәртібін қарағандай шенеунік Мадина Маратқызының әрекеті қызу талқыланды. Шененуніктің дөрекі сөйлегені былай тұрсын, қарамағындағыларға күш қолданғаны да айтылды.

"Чмо, чмо" деп ән салған шененунік
Талғат Кәкімов

 – Ылғи азғырып отырады. Жұмыс істеуге мұрша бермейді. Үстел басында отырған мені соғып, қағаздарды шашып тастады. Көтерейін деп ыңғайланғанда мені аяғымен теуіп қалды, – дейді  Сандықтау аудандық мәдениет бөлімінің маманы  Талғат КӘКІМОВ.

Сөздерінің шынайылығын дәлелдеу мақсатында мамандар аудио жазбаларын ұсынды. Басшы мен қызметкер арасында болған диалогтан Мадина Дүйсенбаеваның қызметкеріне дауыс көтеріп, намысына тиетін сөздер айтқаны анық естіледі. Алайда, Мадина Маратқызы «жазбада мен емеспін» деп тұрып алды.

 – Аудио жазбалардағы дауыс менікі емес. Оны дәлелдеу керек. Кәкімов айтып отырғандай, 1 мамыр күні ешқандай кикілжің болған жоқ. Ал Оспанова есімді маман қызметіне лайықты болмағандықтан 5  маусым күні жұмыстан шығарылған. Енді міне барлығын естідім-көрдім деп маған қарсы қасақана куәлік етіп отыр, — деді Мадина Дүйсенбаева.

Өзіне шаң жуытпаған Мадина Дүйсенбаева қанша ақталғанмен, тәртіптік кеңес мүшелері оны жұмыстан босату туралы шешім қабылдады. Ал кеңес мүшесі Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ  «тұтас бір ауданның мәдени дамуына жауап беріп келген шенеуніктің өзін тәрбиелеп, әдеп пен мәдениетке үйрету керек» деген ой түйді.

Фотолор автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.