Модрич: Роналдудың «Реалдан» кеткені өкінішті

484

Хорватия ұлттық құрамасы мен «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука МОДРИЧ Криштиану РОНАЛДУДЫҢ «Ювентус» сапына ауысқанына өкініш білдірді. Бұл туралы zhasalash.kz championat сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен Криштиану Роналдудың  Реалда қалғанын қалар едім. Ол ғажап футболшы. Ювентуске ауысқаны өкінішті. Реалға сіңірген еңбегі үшін ризашылығым зор. Тек қана барлық жақсылық атаулыны тілеймін», — деді хорват футболшысы.

Португалиялық шабуылшы италиялық команда сапында 7-нөмірмен өнер көрсететін болады. Ол «Ювентус» командасында жылына  € 30 млн алады. Туриндік команда 33-жастағы футболшының трансферы үшін € 105 млн. төледі. Роналду 2009 жылдан бері Мадриттік клубтан өнер көрсеткен еді.

Фотолар: news.sportbox, ua-football

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.