Зимбабведе әскерилер 15 қарашада төңкеріс жасап, билікті басып алды деп хабарлайды Reuters. Әскерилер 93 жастағы президент Роберт Мугабенің төңірегіндегі «қылмыскерлерді» нысанаға алғанын, ал Мугабенің өзі мен отбасы «қауіпсіз әрі сенімде жерде екенін» мәлімдеді.

15 қарашада бұдан ертерек әскер мен әскери техникалар ел астанасы Хараренің орталығындағы үкімет кеңселері, парламент пен сотқа апаратын негізгі жолдарды жапқан.

«Біз Мугабенің айналасындағы елдің әлеуметтік және экономикалық қиындыққа ұшырауына себеп болған қылмыс жасағандарды жауапқа тартуды көздеп отырмыз. Өз миссиямызды аяқтаған соң жағдай қалыпқа түседі деп ойлаймы» деді Зимбабве қорғаныс күштерінің ресми өкілі, генерал-майор С.Б. Моуо телеарна арқылы.

Мугабенің өзі де, онымен президент сияқты тайталасып жүрген әйелі Грейс те телеарнадан көрінбеді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.