Көмірдің бағасы жазда да шарықтап тұр

349

2017 жылғы көмірге тұрған кезектің және көтерілген шу мен даудың салдарынан биыл Қарағанды облысы әкімі Ерлан ҚОШАНОВ разъезд мен кішігірім көмір қоймаларына шілденің 10-на дейін артық көмірлерді  жеткізуін тапсырған. Қара алтын облыс басшысының бұйрығымен уақытылы жеткізгенімен, шаһар тұрғындары оны алуға асығар емес. Оның да өз сеебі бар.

 Василий ВИХРЕНКО он бес жылдан бері көмірмен үйін жылытып келеді. Алайда, отын көзінің арзандағанын байқамапты. Зейнеткер жаз кезінде көмір алатын қаражаттың жоқтығына қынжылады.

«Ерте алып келіп, оны сатқанның халыққа пайдасын соншалықты көріп отырған жоқпын. Баға сол былтырғыдай, сапалы көмір 14 000 мыңға дейін шарықтап тұр. «Рапид» ЖШС көмірді өздері өндіреді. Жұрт арасында «жаңғақ» атанып кеткен көмір түрін алғымыз келеді. Оған кезекке тұру керек. Ал, сапалы көмірлер 12 000 мыңға жетіп жығылады басқа жерлерде. Мен өзім жаздың үш айында көмірге ақша жинап, күз айын қарай шамама қарап аламын. Оны үйге жеткізген үшін көлікке де төлеу керек. 2-3 тонна ғана алмайсың ғой», — дейді.

Тегін айтқысы келмеген Болат атты тұрғын Қарағандыдағы барлық көмір қоймалары бар жеке меншіктерді аралап бағаларын салыстырып жүр. Ол, көмірдің жыл сайын қымбатағанын айтады. Тіпті жағдайым болса,  көп қабатты пәтерге көшіп кеткен қолайлы деп санайды.

«Жыл сайын баға көтеріліп тұр. Жаз маусымына қарамастан, қазір 12 100 тенгеден сатып жатыр. Мен былтыр дәл осы жерден  10 000 мыңға алғанмын. Қазір пәтерде тұрған ыңғайлы. Амал жоқ, аламыз. Көмір қажеттілік, нан мен суымыз сынды.»

10- шілдеден бастап, халыққа көмірді артығымен қоймаларға үйіп қойғанымен, жұртшылық оны алуға асығар емес деген жеке кәсіпкерлер күн суытқан мезгілде тағы да, барлығы бір уақытқа тіреледі ме деп сескененді.

«Былтырғы көмірге тұрған ұзын сонар кезекті болдырмау үшін көмірді артығымен, түр түрімен қоймаға үйіп тастадық. Алайда, оны алып жатқан тұрғындар жоқ. Сол күннің суытқканын күтіп отырғандай. Қыстың қамын жаздай ойламай, керісінше жасайды. Қазір таңдап жүріп, алатын мүмкіндік те жасадық. Көріп тұрғандарыңыздай кезек жоқ. Көмір арзандамайды. Осы бағамен сатылады. Сапасына байланысты. Шұбаркөлдің көмірі  11 000 мыңнан тоннасы » дейді Дмитрий БУКИН «Жалынды Отан» ЖШС бөлім басшысы.

Қарағанды облысы әкімшілі шілдеден көмірмен толыққанды қамтылу алғашқы рет, тұрғындар көбіне кыркүйек айларында ғана көмір жеткізілетін дейді.

«Былтырғы көмір дауынан кейін,  Қарағанды облысы тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуді ерте бастап кеттік. Қарағандыдағы  3 «тупик» пен облыс бойынша  8 «тупик» толық көмір қамтылған. Қазір тұрғындар разъездің өзінен де ала алады көмірді. Онда баға 6 000- нан және 8 000 мыңнан да бар. Енді «Рапидте» 14 000 тоннасы. Ол «Орешек» деген түрі. Қымбат болуының себебі, олар өздері жер астынан қазып алады. Жуады, өңдеуден өткізеді сондықтан. Алайда өңірде көмір бағасы жыл аяғына дейін қымбаттамайды да, арзандамайды. Біз облыс әкімдігімен бірлесе отырып, осындай келісім шартқа қол қойғанбыз. Дегенімен, халыққа жасалынған жағдайды ескере отырып, тұрғындар көмірді кез келген жерден ала алады»,- дейді Қарағанды облысы энергетика басқарма басшысының міндетін атқарушы Алмас СҮЛЕЙМЕНОВ.

Фотолар автордікі.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.