16 шілде Финляндия астанасы Хельсинкиде АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин алғашқы кездесулері аяқталды. 15 шілдеде біткен әлем чемпионатының жабылу рәсіміне қатысқан Путин саммитке жарты сағатқа кешігіп келген.

Екі сағатқа жоспарлаған жеке кездесу жабық режимде өтті. Президенттер кездесуден соң баспасөз  жиынын өткізді. Бірінші болып сөйлеген Путин Трампқа  алғыс білдіріп, «кездесу ұтымды болды» деді. Ол президенттер өзара Сирия мәселесін, елдегі адам құқықтары мен саяси тұрақтылықтың сөз болғанын айтты.

Путиннің ойынша, Ресей мен АҚШ екі ел қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін «алғашқы қадам жасалды»

Путиннің айтуынша, кездесу «өте пайдалы және сәтті» әрі «екі ел арасындағы сенімділікті арттырған». Ал Трамп «төрт сағат бұрын жаңа кезеңге қадам басқандарын» айтты. 

Путин Трамппен «Украинадағы жағдайды да талқылаған». Бірақ Ресей президенті Украинаға қатысты нақты қандай шешім қабылдағанын айтпады. 

Хельсинкиде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолдар жабылды. Путин мен Трамп кездесіп жатқанда белсенділер қалада наразылық шарасын өткізді. Олардың ішінде 64 күн аштық жариялап отырған украиналық режиссер Олег Сенцовтың бостандығын талап еткендер де болды.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.