Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ана өлімі көбейген аймақтарға зерттеу жүргізгенін, «ана өліміне акушер-гинекологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың жетіспеуі себеп» деген қорытындыға келгенін айтты. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады. 

Біртановтың айтуынша, көп аймақта босандыру мен денсаулық сақтау басшылары жоқ. «Жүктілерді есепке кеш алу да — (ана өлімі) себептерінің бірі» деді ол.    

Министр «2018 жылдың басынан бері 31 жүкті әйел қайтыс болды. 100 мың жаңа туған балаға 14-15 қайтыс болған анадан келеді» деді.      

Кей аймақтарда ана өлімінің көбейгенін айтқан министр денсаулық сақтау басқармаларына бала көтеру жасына жеткен әйелдермен жұмысты күшейтуді тапсырып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан әкімдерге ана мен бала өлімін азайту штабтарының отырысын өткізуді тапсыруын сұрады. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.