Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында шілденің 14-нен 16-сына дейін жаңбыр жауып, сел жүрген. Аймақ орталығындағы жүздеген үйді су шайып кеткен. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Баян-Өлгий аймағының әкімі Ғылымхан Айым хабарлады.

— 530-ға тарта үй құлап, тұруға жарамсыз болып қалған. 2500-ден астам адам баспанасыз қалды. Баспанасыз қалғандар әзірге бала-бақшалар мен жатақханаларға орналастырылды, — деді Ғалымхан Айым.

Әкімнің айтуынша, қазір жағдай тұрақталған: «аулалар мен көшелердегі суды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр».

Жергілікті билік өкілі «басқа аймақтардан құтқару мен апатты жағдайды қалпына келтіру мәселесі бойынша көмек келді» деді.

Оқи отырыңыз: Баян-Өлгийде 100-ден аса үй қирап, 700 адам баспанасыз қалды

Осыдан екі жыл бұрын да Баян-Өлгийде бұршақ жауып, сел жүріп, адам шығыны болған. Қазақстан селден зардап шеккен Баян-Өлгийге көмек көрсеткен. Кейін Моңғолиядағы тасқыннан зардап шеккендерге арнап қазақстандық белсенділер салғызып жатқан кейбір үйлер «қауіпті зонада тұрғандықтан» бұзылаты хабарланды.

Саны 150 мың деп шамаланатын және көпшілігі Баян-Өлгий аймағында тұратын этникалық қазақтар Моңғолия халқының 5 пайызы болады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.