Қомағай қала

917

Туған күніне 19 миллиард кеткен Астанаға төбесі жабық бульвар салу мәселесі тағы да көтерілді.  «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС директорының орынбасары Асхат САДУОВ инвестиция тартылса бұл жобаны іске асыруға болатынын мәлімдеді.

Жыл басында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман АЙТМҰХАМБЕТОВ «Нұржол» бульварының құрлысына қатысты жұмыстар жасалып жатқанын айтқан-ды. Жыл соңында жоба талқыланып бітуі тиіс. Әзірге бұл үлкен жобаға қанша қаражат кететіні нақты айтылған жоқ. Асхат Садуовтың айтуынша бұл комрециялық жоба болмауы тиіс. Арқаның аязында құстың ұясындай жып-жылы болатын бульвар барлық адамдар үшін есігін айқара ашуы тиіс екен. Алайда, халықтың игілігін ойлаған Садуов сөзінен секемденеді екенсің. Неге дейсіз ғой?

2017 жылдың наурызында «Astana» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан КАНКИН елорда жұртына «мәдениетті» түрде алақан жайған.

«Бұл жобаны іске асыру өте қызық болатынын түсінуіміз керек. Әрбір астаналық өз қаражатына бір нәрсе тұрғызуды армандайтын шығар. Сондықтан да арманды орындауға мүмкіндік туып тұр», — деген еді Бауыржан Канкин мырза.

Қазір халықтың қалтасындағы ақшаға көз салу тенденциясы пайда болған.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял АХМЕТОВ өңір халқының банкте сақталған депозитінде 460 млрд. теңгесі барын жар салып жариялағаны әлі есте.  Елдің тірнектеп жинаған қаражатын облыстың экономикасына, соның ішінде құрлысқа салу керек деп таңқалдырып еді.

Декаративті демократия орнаған біздің қоғамда Араб мағрипатындағы сахарада салынған жасыл-желек бау-бақшалар бағзының тәтті ертегісіндей айтылады. Жұрттың берекесін алатын арқадағы Астананың аязына бір ертегі керек-ақ. Бірақ ертегі ертегі қалпында қалып қояма дейсің…

Төбесі жабық бульварды айтпағанда жылы аялдамалардың өзін Астана әкімдігінің орната алмағаны баршаға аян. Алғашқы қар жауғанда есіктері ашылмай, іші жылымай-ақ қойғандығын отандық БАҚ-ры жарысып жазған болатын. Ал сол аялдамалардың әр қайсына бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп еді ғой.

Арқаның аязы астаналық шенеуніктердің басты проблемасына айналғалы қашан. 2013 жылы қалқа болар жасанды тау салу идеясы да көтерілген. Асылбек ҚАНЫШБЕКОВ есімді архитектор тіпті шамамен сметасын шығарып, оған 40 – 50 миллион доллар кетеді деп есептеген.

Қазақстанда жабық бульвар, жасанды тау мәселесі көтерілгенде Канада мен Германияда да осындай ірі жобалардың жасалғаны айтылады. Шындығында Канаданың Торонто қаласындағыдай жабық көшелерді салу Астананың «Бас Сәулетшісі» Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ арманы десек те болады. Былтыр испан сәулетшісі Сантьяго КАЛАТРАВОЙМЕН кездескенде елорда тұрғындары суықта киінбей-ақ дүкендеріне барып,  көшеде емін-еркін жүрсе деп европадан келген мейманға ағынан жарылған еді.

Содан болар Бауыржан Канкиндар бір адамның арманын барлық қала тұрғындарының арманына айналдырып жібергілері кеп-ақ жүр. Әрине, армансыз адам болмайды. Ресми ақпаратқа сай  48 мың 834 адам Астанада пәтер кезегінде тұр. Бұл санатқа ілікпегендер саны қанша ма. Олардың арманы мүлдем бөлек екені даусыз.

Фото: today.kz

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.