Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты соққыға шығып, 13 жылға сотталған Қайрат Жамалиев бостандыққа шыққан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті Tengrinews.kz  сайты хабарлады. 

Министрлікке қарайтын Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Tengrinews.kz сайтына берген жауабында «Жамалиевтің қазір түрмеде отырмағанын, Көкшетау қалалық сотының шешімімен түрме жазасы айыппұлмен алмастырылғанын» жазған. 

Жамалиев Қазақстан Қылмыстық кодексінің «адамды заңсыз бас еркінен айыру», «ірі көлемде бопсалау» және «жыныстық сипаттағы күш қолдану» баптары бойынша айыпты деп танылған.

2015 жылы сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұловтың 24 жастағы ұлы Әлібидің аяусыз соққыға жығылғанын айтып, әлеуметтік желіге ұлының видеосы мен суреттерін жариялап, көмек сұраған еді. Бұл видео жазба қоғамда наразы пікірлерге ұласып, жұртшылық бұл істің «коррупциясыз» тексерілуін талап еткен. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.