Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотқа Храпуновтар отбасы мен тағы да тоғыз адамға қатысты қылмыстық іс түсті. Бұл туралы Жас Алаш Алматы қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына мемлекеттік меншікті ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырумен айыпталған ұйымдасқан топ В.Храпунов, Л.Храпунова, А.Ильясовқа және тоғыз тұлғаға қатысты қылмыстық іс түсті.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 355-бабына сәйкес сот қылмыстық істі сотталушының қатыспауынсыз қарауға, егерде ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс не болмаса сотқа келуден бас тартса құқылы.

Сотталушы В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясовқа сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданған.

17 шілде 2018 жылы қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданып, іс бойынша алдын ала тындау 26 шілде 2018 жылы сағат 09:00-ге тағайындалды.

Фото: sputniknews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.