Қазақстандықтар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке мүлкі мен кірісі туралы жылына бір рет есеп беруге міндетті. Бұл туралы 18 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Жаңа ережеге сай, азаматтар меншік құқығы бар мүліктерін, пәтерлерін, көліктері мен банктегі салымдарын және төлеуге алған міндеттемелерін (несие, ипотека) көрсетуі тиіс.

«Декларацияда үйде сақтаулы тұрған қолма-қол қаражатты да көрсету керек. Егер қолма-қол ақша көлемі ең төменгі жалақы көлемінен 500 есе асып кетсе (12 миллион теңге — ред), банкте есепшот ашып, қаражатты сонда сақтау керек. Кейін банкте сонша көлемде қаражат бар екенін көрсету қажет. Ал 12 миллион теңгеге дейін қаражатты үйде сақтауға болады» деді Мәди Тәкиев.

Комитеттің мәлімдеуінше, кәмелеттік жасқа толған Қазақстан  азаматтары, оралмандар және Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғандар,  мүлкі немесе мүлікке қатысты үлесі бар кәмелеттік жасқа толмағандар, Қазақстан аумағында мүлкі бар шетелдіктер декларация толтыруы тиіс. 

Қағаз жүзінде есеп бергісі келгендерге 2018 жылдың 15 шілдесіне дейін, ал электронды түрде декларация толтыратындарға 15 қыркүйекке дейін уақыт беріледі.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.