19 шілдеде Ресей Мемлекеттік думасы зейнет жасын ұзартатын заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 

Отырыста «Единой Россия» билік партиясын зейнет жасын ұзартатын реформаны қолдаған. Ресей коммунистік партиясы, «Справедливая Россия» және Ресейдің либерал-демократиялық партиясы заң жобасына қарсы шыққан. Дауыс беру кезінде заң жобасын Думадағы көп орынға ие «Единая Россия» партиясы фракциясының депутаттарының көбі жақтап дауыс берген. Тек Наталья Поклонская ғана қарсы шыққан. Партия Поклонскаяның не үшін қарсы дауыс бергенін анықтайтынын мәлімдеді. 

Отырыста 327 депутат заң жобасын қолдаса, 102 депутат қарсы шыққан. 

Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин заң жобасын талқылау және өзгеріс енгізуге ұсыныстар қабылдау уақыты 24 қыркүйекке дейін созылғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Зейнет жасын ұлғайтуға наразылық 

Ресей билігі зейнет жасын ерлер үшін 65, әйелдер үшін 63 жасқа көтеруді ұсынған. Әлеуметтанушылар дерегінше, он ресейліктің тоғызы бұл бастаманы қолдамайды. 30 маусымнан бері елдің бірнеше аймағында зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.