«Денистің өліміне полиция да жауап беру керек»

1422

Денис ТЕННІҢ өліміне тек қана қылмыскерлер ғана емес қоғамдық қауіпсіздікке жауапты шенділер де жауап беруі керек. Бұл туралы «Қазақстанда парламентаризмді дамыту» қорының президенті, саясаткер Зәуреш БАТТАЛОВА әлеуметтік желідегі өз парақшасына жазды.

«Денис Теннің тапа-талтұстегі өлімі – бұл полицияға көрсетіліп отырған тегеурін. Біздің полиция үлкен қауіпсізідктің алдын алатын шараларды ұйымдастырады, бейбіт шерулерді жаншиды. Алайда, қарапайым халықтың өмірін қорғай алмайды. Бүгін Қазақстан жастарының  ең ғажап өкілінің өмірі қиылды. Бұл қылмыс үшін қылмыскерлер ғана емес, қауіпсіздікке жауапты полиция да жауап беруі керек деп ойлаймын», — деп жазды саясаткер.

Қысқы олимпиада ойындарының жүлдегерін бүгін түстен кейін белгісіз екі адам пышақтап кеткен. Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше чемпион көлігінен айна ұрлап жатқан екі адамның үстінен түскен. Денис Тен Алматыдағы №12 ауруханаға түскенімен дәрігерлер оның өмірін сақтай алмады. Қаралы хабарды Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі жеткізді.

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері  және VІІ қысқы Азия ойындарының жеңімпазы. Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері .

Фото: currenttime

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.