БАҚ: Путин Трампқа Донбасста референдум өткізуді ұсынған

75


Ресей президенті Владимир Путин Хельсинкидегі кездесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трампқа өзін-өзі жариялап алған Донецк пен Луганск халық республикасында референдум өткізді ұсынған. Мұны Путин сыртқы істер министрлігінде дипломаттармен кездесу кезінде айтқан. Бұл туралы сол жиналысқа қатысқан екі дипломатқа сілтеме жасап, Bloоmberg хабарлады.

Агент дереккөзінің айтуынша, Путин Трамптан бұл туралы баспасөз конференциясы кезінде айтпауын, алдымен өзі ойланып көруін сұраған. 

Bloоmberg ақпаратынша, Путин халықаралық қауымдастық ұйымдастыруымен Донбасс статусы туралы референдум өткізуді ұсынған. Америкадағы Ақ үй ықтимал ұсыныс жайлы әлі пікір айтқан жоқ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұсынысқа қатысты «әлі қарастырылатын жаңа идеялар талқыланды» деп жауап берген.   

18 қаңтарда Украинаның Жоғарғы Радасы Донбассты қайта біріктіру туралы заң жобасын қабылдаған. Заңда Ресей «агрессор мен оккупант» ретінде сипатталады да, құжаттың бас мақсаты ретінде Украинаның тұтастығын қалпына келтіру мен басып алынған жерлерді қайтару деп көрсетіледі.

Донбасстағы конфликт 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Содан бері 10 мыңнан астам адам қаза тапқан. Олардың ішіндегі үш мыңы – бейбіт тұрғын. Киев пен Батыс елдері Кремльді «сператистерді қарумен қолдап отыр» деп айыптайды. Ресей мұны жоққа шығарады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.