Қарақшылардың қолынан қапияда қаза тапқан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис ТЕННІҢ өлімін аза тұту шарасы Шымкентте де өтіп жатыр.

Бүгін қаладағы Желтоқсан мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы Мұз сарайының алдында шымкенттіктер жиналып, марқұмның суретіне гүл шоқтарын қойды.

Шымкент халқы да чемпионын аза тұтты

Қаралы жиынға жиналғандар көп болды. Көпшілік тосыннан келген қазаға қайғырып, көздеріне жас алды. Сөз алғандар құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Денис Теннің өлтіргендерді қатаң айыптады.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында  өтеді.    

Фотолар әлеуметтік желіден алынған.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.