Бүгін Қазақстан жұртшылығы танымал спортшы, осыдан екі күн бұрын Алматының орталығында қылмыскер пышағынан мерт болған Денис Тенмен қоштасып жатыр.

Марқұммен қоштасу рәсімі өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына таңертеңнен бастап адам толассыз келіп жатыр. Азалы жиын өтетін жерге спорт және өнер адамдары, марқұмның дос-жарандары, қарапайым адамдар жиналды. Олар 25 жасында қапыда қаза тапқан өнерлі жігіттің туған-туыстарына көңіл айтып, табыт алдына гүл қойып, марқұмға соңғы рет құрмет көрсетіп жатыр.

Азаттық тілшілері Алматы мен Астанадағы азалы жиындардан тікелей трансляция жүргізіп жатыр:

 

​Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, екі мәрте әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тен шілденің 19-ы күні Алматының орталығында пышақпен жасалған шабуыл салдарынан қаза болған. Қазақстан полициясы жұма күні Денис Теннің өліміне күдікті екі адамның ұсталғаны туралы хабарлаған.

Қылмыскер пышағынан болған қаза Қазақстан қоғамында резонанс туғызды. Қазақстандықтар мен шетелдіктер танымал спортшының қазасына қайғырып, көңіл айтып жатыр.

Денис Тенді бүгін Алматы қаласының Дружба кентіндегі зиратқа жерлейді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.