Бүгін Алматы халқы мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, танымал спортшы Денис ТЕНДІ ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі өткен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына халық таңғы сағат алтыдан бастап жинала бастады. Денис Тенді шығарып салуға мыңдаған адам келді.

Қош бол, чемпион!

Халық қарасы тым көп болғандықтан, қоштасу рәсіміне келген жұрттың көбі спорт сарайына кіре алмай қалды. Ал қоштасуға кіре алғандар гүл шоқтарын қойып, чемпионға тағзым етті.

Қош бол, чемпион!

Халық қарасы үзілмегендіктен, сағат онға жоспарланған қоштасу рәсімінің ресми бөлігі сағат он бірге қарай кешіктіріліп басталды.

Қош бол, чемпион!

Д.Тенді ақтық сапарға шығарып салушылардың арасында көз жастарына ерік бергендер көп болды.

Қош бол, чемпион!

Тағзым етуге арналған орын гүл шоқтарына лезде толды.

Қош бол, чемпион!

Денис Тенмен қоштасуға келген танымал спортшылардың арасында Жансая ӘБДУМӘЛІК, Серік СӘПИЕВ пен Ермахан ЫБРЫМАЙЫМОВТАР болды.

Қош бол, чемпион!

Қаралы жиында сөйлеген ұлттық конькишілер федерациясының басшысы Болат ЖӘМІШЕВ Денис Теннің Қазақстан атын әлемге танытуға өлшеусіз үлес қосқанын ерекше атап өтті. Азалы жиынға қатысқандардың арасында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ та болды. Арыстанбек Мұхамедиұлы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Ал қала әкімі Бауыржан Байбек жиында көрінбеді.

Қош бол, чемпион!

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ Денис Теннің спортта жеткен жетістігімен қатар азаматтығын да атап өтті.

Қош бол, чемпион!

Қаралы жиында сөйлеген бокстан Олимпиада чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік СӘПИЕВ қатты толқып, көзіне жас алды.

Қош бол, чемпион!

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға кәсіпқой боксшы Геннадий ГОЛОВКИН АҚШ-тан арнайы келді.

Қош бол, чемпион!

Қаралы жиынға Денис Теннің ата-анасы Юрий және Оксана Тендер де қатысты. Бірақ олар ақпарат құралдары өкілдерінен өздерін суретке түсірмеуді сұрады. Денис Теннің туыстары атынан соңғы болып сөз сөйлеген Алмас МЫРЗАБЕКОВТІҢ ұсынысы бойынша көпшілік Денис Тенді оның өзі жазған және орындаған сүйікті әнімен, қол соғып шығарып салды.

Қош бол, чемпион!

Денис Тен Алматы түбіндегі Достық шағын ауданындағы зиратқа жерленді.

Қош бол, чемпион!

Азалы жиыннан шыққан жұрт.

Фотолар автордікі, Г.Головкиннің фотосы tengrinews.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.