Тәжікстанның Шахринав (Гиссар алқабы) қаласы әкімдігінің «Хакикати Шахринав» («Шахринав шындығы) газеті атауын «Файзи Пешво» («Көшбасшы шарапаты») деп өзгертті. Редакция газет атауы «уақыт талабымен» өзгергенін айтады. Газет бас редакторы Хикматулло Саттори газеттің ескі атауы «заман ағымына сай келмегенін» айтады.

— «Шахринав шындығы» — совет дәуірінен қалған атау және соңғы жылдары басылым қызметкерлері жақсы атау іздестірді. Тіпті конкурс жарияланды. Нәтижесінде «Көшбасшы шарапаты» деген атау таңдап алынды, — дейді Хикматулло Саттори Азаттықтың Тәжік редакциясына. 

Газет 1993 жылы құрылған, айына төрт-алты рет, 2600 тиражбен басылып шығады. Газетте негізінен үкімет қаулылары мен үгіт-насихат материалдары басылады.

Көп жыл бойы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды жұрт «джаноби оли» («жоғары мәртебелім») деп атап келген. Ал 2016 жылдың басында билікте 25 жыл бойы отырған Эмомали Рахмон «пешвои миллат» — «ұлт көшбасшысы» атағын иеленген. Кейбір сарапшылар бұл тенденция құқық қорғау ұйымдары билікті сынайтындар қудаланып, өзгеше ойлайтындарға төзімсіздікпен қарайды деп баға берген елде мемлекет басшысына табыну культі пайда болып келе жатқанын көрсететінін айтады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.