Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид ЖАҚЫПОВ министр Қалмұханбет ҚАСЫМОВТЫҢ отставкаға кетуі жайлы мәлімделерге пікір білдірді. Бұл туралы Жас Алаш Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Министрдің отставкаға кету мәселесі жайында айтатын болсақ, сіздер бұл мәселенің ішкі істер министрлігінің құзыретінде емес екенін түсінеді деп сенемін. Сондықтан, менің ойымша, мен бұл жайлы нақты жауап бере алмаймын. Министр туралы айтатын болсақ, яғни, неліктен ол баспасөз-конференциясына келмеді? Себебі ол қызметтік іссапарда жүр», — деп түсіндірді Рашид Жақыпов.

 «Меніңше, біздің ішкі істер министрі іссапардан оралған соң сіздермен және жұртшылықпен кездеседі. Сол кезде сіздерге ішкі істер министрлігінің қандай жұмыстар атқарып жатқанын түсіндіріп, министр ретінде сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді», — деді брифинг барысында Қалмұханбет Қасымовтың орынбасары Рашид Жақыпов 

Мұның алдында Денис ТЕНДІ нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді. Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Фото: informburo.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.