Лаостың оңтүстігіндегі Аттала провинциясында 24 шілде күні бөгет жарылып, жүздеген адам із-түссіз жоғалды. France-Presse агенттігінің мәліметінше, төтенше оқиғадан қаза тапқандар да бар. Лаос билігі құрбандардың санын айтпай отыр. Бөгеттің не себепті жарылғаны әзірге белгісіз.

Су электр станциясындағы апаттан бірнеше елді мекенді су басып қалды. Алты мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Кейбір тұрғындар үйлерінің шатырына шығып үлгерген, құтқару қызметі оларды эвакуациялап жатыр. Апат болған аймаққа Лаос премьер-министрі барды.

Қоршаған ортаны қорғаушылар бұған дейін талай рет Лаостағы су электр станцияларына қатысты алаңдаушылық танытқан. Экологтар бұл елдегі бөгеттердің қауіпті екенін және олардың жергілікті өзен-көлдер фаунасына кері әсері барын айтады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.