Белоруссия президенті Александр Лукашенко 80 елден келетін туристерге елде 30 күнге дейін визасыз қалуға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Бұл елдер қатарына Еуропаның 39 елі, АҚШ, Австралия, Жапония да кіріп отыр.

Жарлық бірнеше күннен кейін күшіне енеді деп хабарлануда. Құжатта жаңа ереже елдегі туристік саланың дамуына зор ықпал етуі тиіс екені атап көрсетілген.

Әйткенмен жаңа ережені елге тек Минск әуежайы арқылы келіп-кететін туристер ғана қолдана алады. Беларус-Ресей шекарасы арқылы елге барғысы келетін туристерден бұрынғыша виза талап етіледі, өйткені мұнда жаңа ережені ойдағыдай енгізетіндей бақылау пунктері жетіспейді.

Бұған дейін Александр Лукашенко Қытай азаматтарына елде 30 күнге дейін визасыз қалуға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойған еді.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.