Ақмола облысында елдің, жердің тарихын зерттеуге бағытталған «Бабалар жолымен» экспедициясы жасақталған еді. Олар Көкшетау даласынан ХІХ ғасырда пайдаланылған құдықтарды тапты. 

Көкшеде көне құдықтар табылды

Өлкенің тарихы десе елең ете қалатын мәдениет жанашырларынан құрылған топ, Балуанкөл баурайына жасаған сапарында ХІХ ғасырда пайдалынылған құдықтарға кезікті. Мұнда жалпы саны – 4 құдық бар. Көнекөз қариялардың айтуынша бұл ескі ауылдың орны. Әлі күнге дейін үйлердің орындары сақталған. Құдықтар қиыршық таспен көмкерілген.

Көкшеде көне құдықтар табылды

Бұл құдықтар қысты күні де қатпайтын көрінеді. Ертеде қыс уақытында тұрғындар қатты тулақпен құдық бетін жабатын болған. Бір қызығы құдықтарда әлі де су сақталған, әрі мөлдір. Судың сапасы мен құрамын анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.