Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ  ұлттық консерваториясының алты жүзге жуық студенті жатақханасыз қалуы мүмкін. Өйткені, ғимаратқа құрылыс жүргізген құрылысшылар жөндеу жұмыстарын аяқтамай тастап кеткен. Себебі  оқу орны оларға 28 млн. теңге еңбек ақыларын бермей отыр. Ал, консерваторияның су жаңа басшылары құрам өзгерді ескі ұжыммен соттассын деп шығарып салыпты. Жас Алаш тілшісі жалақыларын даулаған құрлысшылармен тілдесіп қайтты.

Жұмысшылар: 28 миллионымызды қайтарыңдар!

2017 жылы Құрманғазы консерватариясымен  «Меруерт құрылыс» компаниясы келісім-шарт жасасқан. Компания қыркүйек айында басталған жөндеу жұмысын желтоқсан айында аяқтауға тиіс болыпты.Алайда, бүгін құрлысшылар жұмыс орындарына кіре алмады. Айтуларынша, ЖОО-ның басшысы басқа жұмысшыларды жалдаймыз деп қуып шыққан.

«Қыркүйек айыда кеп қалды.Алда қыс бар.Қайткен күнде де сылтауратпай істеген еңбектің ақысын беру керек қой. Істетіп істетіп алып, қақпаларын жауып алған»,- деп ашынады жұмысшы Балжан БАЙДІЛДАНОВА .

Жұмысшылар: 28 миллионымызды қайтарыңдар!

Құрлысшылардың қолында 71 млн. теңгелік келісімшартта бар. 47 бөлмеден тұратын ғимаратта алпыс адам еңбек еткен. Тіпті қысты күні жатақханаларға тексеріс жүргізілгенде тез аяқтау үшін құрылысшы санын екі есеге өсіріпті. Алты жүз студент далада қалмау үшін жөндеуді тоқтатпаған. Басшылық ауысып, ортадағы келісілген қағазы жарамсыз, 28 млн теңге алашақтары қалып отыр.

«Басшылық ауысып кетті. Сіздермен бізде келісім-шарт жоқ. Сондықтан да көмектесе алмаймыз. Ала алмаған берешектеріңіз өл жеке проблемаларыңыз деген жауап алдық», — дейді құрлыс жүргізген компания басшысы Марат НҰРЛЫБАЕВ.

Ұлттық консерваторияға бір ай бұрын су жаңа басшы келіпті. Құрылысшылармен келісімшартқа отырған ректор орынбасары қызметінен қуылған. Сөйтіп, барлық құжатқа тексеріс басталыпты. Жөндеу жұмысын жасау туралы құжат мемлекеттік порталға тіркелмеген. Сондықтан жатақхананың жөндеуін жарты жолда тоқтатуға тура келгенін айтады. Енді, 600 студент  жөндеуден жөнді өтпеген жатақханаға орналасуы екі талай.

Жұмысшылар: 28 миллионымызды қайтарыңдар!

«Ол келісімшарт мемлекеттік порталда тіркелмеген. Мемлекеттік сатып алу бойынша біздің мәліметтерімізге сәйкес  белгіленген сомма  оларға аударылған. Бұл мәселеге қатысты дауды тиісті орган анықтайды»,- деді ректор орынбасары Жания ӘУБӘКІРОВА.  

Қазіргі басшылық бұрынғы әріптестерінің үстінен арызжанған. Жұмысшылар да 28 млн теңге жалақыларын тек жұмыстан қуылған ректордан талап етуі тиіс екен. Айта кету керек, Алматыда жыл басынан бері еңбек инспекциясына жалақысын даулаған екі мыңға жуық адам шағымданған. Жекеменшік компаниялардың айыппұлы 118 млн. теңгеден асып жығылады.

Фотолар автордікі.

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.