Пекиндегі АҚШ елшілігі маңында жарылғыш зат іске қосылған. Мұны АҚШ елшілігі растаған.

Бұған дейін Associated Press агенттігі Қытайдың ресми ақпарат құралдарының сілтеме жасап, елшілік ғимараты маңында жарылыс болды деген ақпарат таратқан еді. Полицияның айтуынша, 26 жастағы бір күдікті жарақат алған.

Агенттіктің ақпаратынша, полиция өзіне бензин құйған бір әйелді ұстаған. Бірақ бұл оқиға «жарылыстан» кейін бірнеше сағаттан кейін болған. Бұл екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар ма, жоқ па, белгісіз.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден Пекиннің солтүстік-шығысындағы ірі ғимаратты полицияның қоршап алғаны көрінеді. Кейбір куәлар оқиға орнынан будақтаған түтін де көрінгенін жазады.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.