Астанада жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды

19


Астанадағы Жастар сарайында қалалық жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Қала тұрғындарына 100-ден аса мекеме 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге жұмысшы іздеп келгендер қатарында жеке кәсіпкелер, банктер және мемлекеттік мекемелер болды.

Жәрмеңкеде ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқытуға және жастар тәжірибесіне де жолдама береді.

Жұмыспен қамту орталығы берген мәліметке қарағанда, жыл басынан бері үш мың астаналық жұмыспен қамтылған.

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің ресми дерегінше, 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдегі жұмыссыздар саны шамамен 440 мыңға жуықтаған. Бұл халықтың 4,9 пайызы.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.