Селфидің әуресі адам өмірін қиып кете жаздаы.  Бурабайға демалуға барған Астана қаласының тұрғыны тау басына барып суретке түсемім деп аурухананың жан сақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұл туралы Көкшетаудағы Жас Алаш тілшісі хабарлайды. 

Елордадан Бурабайға келген туристер демалыстары осыншалықты сәтсіз аяқталады деп ойламаса керек. Серуендеп жүрген жігіттер «Көкшетау» тауының 948-ші метріне шыққан. Шың басында телефонына суретке түсемін деп ыңғайланған азаматтардың бірінің аяғы тайып кетеді. 15 метр төмендегі қатпарласып тұрған қой тастарға құлағанымен тірі қалған. Десе де, бас-сүйек миы зақымданып, аяқ және бұғана сүйектері сынған.

Тау басында селфиге түсемін деп өліп қала жаздаған

«Науқас ауруханаға түскен сәтте, санитарлық авиация шақырдық.Негізгі диагноз: ашық  бас-сүйек ми зақымы. Жағдайы тұрақты дегенімен ауыр», –  Бурабай ауданаралық көпсалалы аруханасыны бас дәрігерінің орынбасары Сергей КИЛАСЬЕВ.

Тау басында селфиге түсемін деп өліп қала жаздаған

Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағы мамандары оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Айтуларынша, серуендеп жүрген жігіттердің тауға шығуға арналған белдіктері болмапты. Сол жердегі гидтардың да көмегіне жүгінбесе керек. Яғни, олар қауіпсіздік ережелерін мүлдем сақтамаған.

Тау басында селфиге түсемін деп өліп қала жаздаған

«Өз беттерінше шығып кеткен. Олардың «спасательный» ремендері болу керек. Арқандарды да алмаған. Соның арқасында осылай, міне, апатқа ұшырады. Құлаған биіктігі 10-15 метр,– дейді Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлім басшысы Жұлдыз РАМАЗАНОВ.

Тау басында селфиге түсемін деп өліп қала жаздаған

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.