Денис Теннің өліміне қатысты ұсталған үшінші адамның есімі — Жанар Толыбаева. Бұл туралы Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлап отыр.

25 шілдеде Алмалы аудандық соты Толыбаеваны екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Ол «Қылмысты хабарламау» және «Ұрлық жасау» баптары бойынша күдікті танылып отыр.

27 шілде таңертең бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам ұсталғанын мәлімдеген.

Бұған дейін Денис Теннің қазасына күдікті ретінде 23 жастағы Арман Құдайбергенов пен 1994 жылы туған Нұралы Қиясов ұсталғаны белгілі болған.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.