Украинада Бандера жылы жарияланды

362

Украинадағы Житомир облыстық кеңесі 2019 жылды Степан БАНДЕРА жылы деп жариялады. Бұл туралы Жас Алаш облыстық раданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұндай шешім Бандераның 110 жылдығына орай қабылданды. 2019 жылдың 1-ші қаңтар Степан Бандераның мерей тойы басталады. Тойдың жоспары жасалып, бюджеттен қаражат бөлінеді», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, жергілікті депутаттар қала басшылығынан саясаткердің ескерткішін тұрғызу үшін қаржы бөлуін сұрады.

Степан Бандера (1909-1959) украин ұлтшылдарының лидері. «Украина повстанциялық армиясының» құрушысы әрі ер жүрек қолбасшысы болған. Ол Украинаның азаттығы үшін совет әскері мен де және фашисттермен де соғысқан. 2016 жылы ел астанасы Киевтегі Мәскеу даңғылы С. Бандераның атына ауыстырылған еді.

Фото: inosmi

 

 

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.