Эстония қоғамдық көлікті тегін еткен алғашқы европалық мемлекет болды. 15 өңірінің 11-де ел азаматтары да, туристтер де ақысыз жүре алады. Бұл туралы AFP агенттігіне экономика және инфоструктура министрі Кадри СИМСОН хабарлаған. Осы шілде айынан бастап үкімет қабылдаған шешім жүзеге асты.

Үкімет бұл арқылы ауылдықтардың қалаға көшуін тоқтатып, қоршаған ортаны қорғамақ. Таллинде автобустар жеке көліктердің азаюына септігін тигізеді деп сенеді.

«Біз адамдарды экология зиян тигізбейтін көліктерге отыруына көндіруіміз керек»,- деді экономика және инфраструктура министрі Кадри Симсон.

Айтпақшы, ел астанасы – Таллинде 2013 жылдан бері тегін автобустар жүреді. Алайда, ондай қызметті тек қала тұрғындарына ғана көрсетілген. Қала бургомистрі (әкімі) Таави ААС айтуынша, бұл жоба өз жемісін беріп жатыр. Жолаушылардың тең жартысы қоғамдық көлікпен жүретін болаған. Тегін қоғамдық көліктер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады.

21-шілде күні елордамыз Астанада жол ақысы қымбаттады. Жол ақысын қолма-қол төлеу 90 теңгеден 180 теңгеге көтерілді. Жедел бағыттағы автобустарда да билет құнын көтерді. Бұған дейін «экспресс» көлікте жүру билеті 150 теңге болса, қазір 250 теңге.

Фото: baltnews.ee

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.