Трамп әкімшілігі АҚШ пен Мексика шекарасында отбасынан ажырап қалған 1800-ден астам баланың ата-анасымен қосылғанын хабарлады. 

АҚШ мигрант отбасылардың балаларын 2018 жылдың көктеміндегі «шекара бұзғандарды жазалайтын ережеден» кейін алып қойған. Кейін Трамп бұл ережені жойған.

АҚШ билігі 2500 баланы шілденің 25-не дейін ата-аналарына қайтаруы тиіс болған. 26 шілдеде Трамп әкімшілігі «1820 бала ата-анасымен қосылды» деп мәлімдеді. Тағы 378 баланы ата-аналарына немесе туысқандары қамқорлығына алған. 700 бала ата-анасынан ажыратылған күйі қалды. Олардың төрт жүзден астамының ата-анасы депортацияланған. 

Вашингтон «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанғалы 2500 баланы отбасынан ажыратты. Олардың жүзден астамы — төртке толмаған. АҚШ-тың жаңа иммиграция заңына сәйкес,  шекараны заңсыз өткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.