Қазақстан ішкі істер министрі Қалмаұханбет Қасымов іссапардан жұмысқа шықты деп хабарлады Азаттыққа Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Олег Васенко.

Министрлік өкілінің айтуынша, Қасымов спортшы Денис Теннің қазасына дейін іссапарға кетіп, өткен аптаның соңында жұмысқа шыққан. Ол министрдің қайда іссапарда болғанын айтпады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан полициясында реформа бола ма?

19 шілдеде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматының орталығында пышақ жарақатынан қайтыс болған соң министр Қалмұханбет Қасымовты іздеп, спортшы қазасына байланысты қоғамда резонанс тудырған іс бойынша неліктен мәлімдеме жасамай отырғанын сұрай бастаған. Кейбір қолданушылар Қалмұханбет Қасымов пен Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуін талап еткен.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.