Павлодарда кәмелет жасына толмаған 4 жеткіншек суға батып кете жаздады.Оқиға 31-ші шілде күні сағат төрттер шамасында болған. Пластикалық бөтелкелерді денесіне байлап алған ер балалар Усолка өзенін жүзіп өтпек болған екен. Айта кетерлігі, олар 21-шілде күні 38 жастағы азамат батып кеткен аумақтан малти жөнелген. Алайда, жүзіп өткілері келген 250 метр арақашықтықтың жартысына жеткендерінде тұншыға бастапты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 12, 13, 14 және 15 жастағы ер балаларды жағалауға алып шыққан.

Жеткіншектер суға бата бастаған. Сол кезде кезекші топтағы құтқарушылар шұғыл оқиға орнына жеткен. Кейін құтқару құралдарының көмегімен балаларды жағалауға шығарған.Олар дін аман. Бірақ, төртеуі де қатты шошып қалған, -дейді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Айдана ЖАҚЫПОВА.

Департамент мамандарының айтуынша, бұдан соң жеткіншектерге психологиялық көмек көрсетіліп, түсіндіру шаралары жүргізілген. Кейін  шара қолдану үшін жергілікті атқарушы полиция қызметкерлеріне тапсырылған екен. Жалпы, биыл шомылу маусымы басталғалы бері өңірде суға батып кете жаздаған 10 адам тіркелген. Оның 8-і бала. Ал бүгінге дейін Ертіске түсіп, көз жұмғандардың саны 20-ға жуықтайды, оның 7-і бала.

Фото Павлодар облыстық ТЖД-нен алынды. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.