Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы тұрғындары жиі жарық көзін ескертусіз сөндіріп тастайды деп шағымданады.Айтуларынша, жарықты себепсіз сөндіріп қосқаннан кейбірінің техникалары істен шығып жанып та кеткен. Ал, кәсіпкерлер шығынға батқандарын айтады.

Екі компанияның қарызынан халық зардап тартып жүр

«Жаңарқада жарық жиі сөнеді. Мұздатқыштағы тағамдарымыз бүлініп, сатуға келмейтін болып жатыр. Балмұздақтардан бөлек сүт, еттер де иістеніп жатады. Пайда көрудің орнына шығынға батып жатырмыз. Тұтынушы ретінде еш қаразымыз жоқ, Сонда неге сапалы бізге сапалы қызмет көрсетілмейді?..», — дейді «Әлем» дүкенінің әкімшілігі Күнсұлу ӘЛКЕНОВА.

Жарық сөнуінің жиілеп кеткені жайлы аудан тұрғыны Ғалым БАҚТЫБАЙ Қарағанды облысы әкімі Ерлан ҚОШАНОВҚА  хат жазып қойыпты.Тіптен, бірнеше АКТ құжатында реттеп үлгеріпті. Заңға қайшы әрекеті үшін, «Сакен и Компания» ЖШС басшылары қылмыстық жазаға тартылу керек дейді.

Екі компанияның қарызынан халық зардап тартып жүр

«Екі түйенің ортасында шыбын өледі» халықтың еш қарызы жоқ. Бірақ зардабын тартып жатыр. «Сакен и Компания» ЖШС» мен «Қазэнерго орталығы» арасындағы дау дамай сот ретімен өзара шешілуі тиіс. Олар үшін қарапайым халық неге жарықсыз отыруы керек. Мен халық атынан белсенді мүше ретінде аудандық полицияға хат жаздым. Қазір 389 бап бойынша «Сакен и компания» ЖШС-на озбырлық жасағаны үшін іс қозғалды», — деді Ғалым Бақтыбай.

Аталған мәселе жайлы аудандық әкімшілік те біледі екен. Әкім орынбасының айтуынша, екі жеке меншік компания бір біріне берешек қарыздары бар екен. Соның салдарынан жарықты жиі сөндіру проблемасы белең алды.

Екі компанияның қарызынан халық зардап тартып жүр

«Бізде жарық тасмалдаушы компаниясы «Сакен и компания» ЖШС мен тұтынушыны сол жарықпен қамтамасыз ететін тағы бір компания «Қазэнергоорталығы» бар. Екеуінің арасында қарыз шығып қалған. «Қазэнергоорталығы» ЖШС 2016 жылға 46 млн аса қаражат берешегі бар. Ал 2017 мен 2018 жылға 80 млн көлемінде. Енді олар тек сот арқылы ғана бұл түйіткілді шешетін болады. 2016 жылғы қарыз бойынша сот үкімі шықты. «Қазэнергоорталығы» ЖШС-не «Сакен и компания» ЖШС-гі ай сайын 7,5 млн теңгеден аударып отыр. Шынымен де халықтың қатысы жоқ. Сондықтан қазіргі таңда біз өз қадағалауымызға алып, маниторинг жасап отырмыз. Бұл проблема облыс әкімінің назарында және де облыстық прокуроры мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қадағалауында», —  деген аудан әкімінің орынбасары Бақытжан МҰҚАНОВ енді жарықтың сөнуі себепсіз болмайды деп сендірді.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.