АҚШ Түркия билігінің екі өкілі — ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мен әділет министрі Абдулхамит Гюльге қарсы санкция салды. Вашингтон олардың америкалық діндар Эндрю Брансонды қудалауға қатысы бар деп біледі. Санкция «Магнитский актісі» заңы аясында салынған. Бұл заң АҚШ Қаржы министрлігіне адам құқығын бұзуға қатысы бар тұлғаларға шектеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Америкалық дін қызметкері Эндрю Брансон Түркияда 20 жылдан бері тұрады. 2016 жылы ол Түркияда төңкеріс жасау әрекетін тергеу аясында ұсталған. Биыл шілденің соңында билік оны түрмеден үйқамаққа шығарған. Вашингтон бұған дейін Түркия оны еліне қайтарады деп үміттенген. АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға діндарды қудалауын тоқтатпаса санкциялар салынатынын ескерткен. Ал Анкара оған жауап шараларын қолданатынын мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.